Қобыланды батыр мемориалдық кешені

 
2007 жылы 8 қыркүйекте Қобда ауданы, Жиренқопа ауылына ашылды. Кешеннің жалпы аумағы 2,6 га.
       Қобыланды батыр – атақты тарихи тұлға, жоңғар мен қалмақтарға қарсы соғысқан батыр, шамамен XV ғасырда өмір сүрген.


       Кесененің жерден жоғарыдағы айшығына дейінгі биіктігі 18 метр, диаметрі 12 метр, айналасында меңгір тастар орнатылған. Кіре берісінде балбал тастар орнатылған, биіктігі - 2 метр. Кесененің ішіне батырдың сүйегі жатқан жерге Қордай гранитінен қойтас қойылған.
Қойтастың салмағы 2 тоннадай, биіктігі 2 метр. Әдемі гравюрлік өрнектері бар. Кесененің еденіне өрнектелген гранит төселген. Кесене ішіне Қордай гранитінен қашалған шырақ орнатылған. Ортада тас шар жерді бейнелейді, үстінде алтын Самұрық құстың мүсіні бар, айналасында қойылған 8 (сегіз) барыстың жанында шырақ жанады. Композиция Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен алынған.
      Мавзолейдің ортасында ұштары күміс үш найза, олардың белін қалқанмен бекіткен, бұл туған жерді қорғауға дайын үш жүздің бірлігін білдіреді. Ұзындығы 4 метр. Музей қорында барлығы 257 экспонат бар.
Нұрпейіс Байғанин кезінде Қобыланды батыр туралы:
«Ерлердің артық данасы,
Артықша Қобылан ағасы,
Халықтың қорған-панасы.
Ешкіқырған сағасы,
Ұлы Қобда жағасы,
Адамнан жоқ жаласы,
Тоқсанғажасыкелгенде,
Судан болдыжаласы,
Қартайып жетт іқазасы.
Діңкиіп тұрған Қара оба -
Тоқтарбай қарттың баласы
Ер Қобыланның моласы», - деп жырлапты.
Зерттеушілердің айтуынша, эпостағы Қобыланды батыр - тарихта болған тұлға. Болжамдар бойынша, ол әрідегі, яғни Алтын Орда ыдыраған тұстағы Әбілқайыр ханның төбе биі, сонымен қатар, бас батыры да болған. Бұл Әбілқайыр кейіннен қазақ хандарымен жауласып өткен Шайбанилердің атасы екені белгілі. Қарақыпшақ Қобыланды оған ел іргесі сөгілмей, жұрт қақ жарылып бөлінбей, тұтас тұрған тұста қызмет еткен болса керек.