Ойсылқара қорымы

        Ойсылқара қорымы ХVІІІ-ХХ ғ.ғ. аудан орталығы Хромтаудан 35 км қашықтықта, өзі аттас өзеннің Солтүстік батысында биік қырдың басында орналасқан. Ойсылқара қорымы Ақтөбе облысы Хромтау ауланындағы ең ірі мемориалды-діни кешен болып табылады. 





Қорымның эпонимі әулие, түйенің және түйе шаруашылығының пірі - Ойсылқара болып саналады. Бұл кешен XVIII-XX ғ.ғ. басына жататын жалпы алаңы 100х170 м, шығыстан батысқа қарай созылған 150 бейіт орналасқан дәстүрлі ескерткіштерден құралған көне қорым болып табылады. Аңыз  бойынша Ойсылқара әулие Мұхаммед пайғамбардың сопылық таза хадисін уағыздаушы ретінде сахарадағы жеті жұртты аралаған тақуа кісі екен.

       Әулие кеңес заманында ұмыт бола бастаған. Алайда жаны қиналған кісілер жасырын келіп түнеп жүрген көрінеді. Зерттеушілер Ойсылқара қорымы жылдар өте келе үгітіліп, аласарғанын айтып отыр. Тастардың үйіндісі 1 метр болады. Қорым қарапайым халықтың жиі келетін орны болғанымен, зерттеушілер кешеннің құпиясын аша алар емес.