Есет
Көкіұлы кесенесі Алға ауданы, Бестамақ ауылынан 3 шақырым шығыста орналасқан. Кіші
жүздің әскери қолбасшысы Есет батыр Көкіұлына арналған кесене Бестамақ ауылы жанында биік төбенің ұшар
басында орналасқан.
Есет тамы 1750 ж. салынған, уақыт
озғасын жер болып кеткен. Екінші рет 1979 ж. жергілікті тұрғындар батырдың
әруағын сыйлап, биіктігі 1,7 м, ені 3 м, ұзындығы 5 м етіп ақ кірпіштен салған.
Алайда сол кездегі әміршіл-билеп төстеу жүйесі бұны діни нанымға табынушылық,
қоғамға жат құбылыс деп жаңа салынған ескерткішті құлаттырады. Үшінші рет 1992
жылы халық қаражатына Маңғыстау ұлутасы мен мәрмәр пайдаланылып, қазақтың киіз
үйі бейнесіндей көрнекті зәулім кесене орнатылды. Мазардың авторы сәулетші
Т.Жонысбеков, оны салған "Зерде" шағын кәсіпорны. Биіктігі 11 м.
құбыла бетке шығарылған есіктің жоғарғы жағында найза ұстаған Есет батырдың
(биіктігі 3 м) бейнемүсіні салынған. Кесене тарихи ескерткіш ретінде тіркеліп,
туристік бағытқа енді, мемлекеттік бақылауға алынды. Оған дейін көтерме жол
салынып, асфальтталған. Елек өзеніне көпір салынған.
Есет
Көкіұлы (1667-1749) - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі
елге танылған әйгілі батырларының бірі. Әбілқайыр хан Ресейге қосылу мәселесін
көтергенде соның қасында болып, Кіші жүз бен Орта жүздің орыс патшасының қол
астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу
баласы.
Оның әскери стратегиясы мен тактикаларын
хан кеңестерінде хан Әбілқайыр, Кіші жүздің бас сардары Бөгенбай, Орта жүз
батырлары Жәнібек, Қабанбай әрдайым қолдаған болатын.