Бопай бейіті

       Қазақ тарихында тумысынан ерекше жаратылған Бопай сынды батыр қыздың есімі жоғары орынға ие. Ол-1839-1847 жылдардағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының жалынды ұйымдастырушысы, қазақтың соңғы ханы Кенесарының туған қарындасы.





Кей деректерде оны  «Бопай ханша» деп те атайды.
Деректерге сенер болсақ, Бопай Қасымқызының ұйымдастыруымен Кенесарының қолында қыз-келіншектер жасағы да болыпты. Көпшілік жазба құжаттарда «Бопай ханым Ақкөлге жақын жерге жерленген» деп келтіріледі. Бірақ, нақты дәлелдер жоқ. Батыр қыздың дүние салған жері Ырғыз бойы. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында Бопай атында ауыл бар. Зират осы ауылдың тұсында төбешік басында орналасқан.
      Иен түзде еркін өскен, құлдық пен күңдіктің не екенін білмей, ер балалардан қалыспай ат жалында ойнап өскен, атқа  шапқан қазақ қыздарында қайтпас қайсар батырлық мінез көп. Отаншылдық, бауырмал рух қазақ қыздарына ерекше тән.